Жалпы, ою-өрнек және оның дәстүрлі өнердегі түрленуі ежелгі қошқар культінің репродукциясы ретінде беріледі. Орталық Азия халықтарының арасында бұл табынушылықтың жаңғырығы оның мүйіздерінің ең күшті тұмар ретіндегі пайымдауларында сақталған: олар қошқардың мүйіздерін тұрғын үйдің кіреберісіне іліп қойған, ағаштан ойылған немесе киізден басылған мүйіздер бас киімдерге бекітілген және т. б. Қошқардың мүйіздері «тіл-көзді» бейтараптандыруға қабілетті деп есептелді.
Түркі халықтарының натурфилософиясында қошқар жұмақта болған жалғыз жануар болып есептеліп, құрбандық шалу рәсімдерінде ғұрыптық жануар болып тағайындалған. Өрнек көптеген түркі халықтарының өнерінде кең таралған.
«Қошқар мүйіз» туындыларының бірі – Ғаламдық ағаш, яғни Бәйтерек бейнесімен мағыналық тұрғыда байланысқан «қос мүйіз» нақышы. Ол қорғаныс сиқырында басты рөл атқарды. «Қошқар мүйіздің» тағы бір туындысы «сыңар мүйіз» (бір мүйіз) – берекелі өмірдің, ғұрыптық құрбандықтың белгісі. Материалдық байлықтың баламасы.
Басқа нұсқа бойынша, «қос мүйіз» гүлөрнегі – барлық тіршілік иелеріне өмір сыйлайтын тыныштық пен үйлесімділік жағдайындағы жердің нышандық бейнесі. Бұл мағына әу баста шаруашылық құрылымы көшпелі өмір салтына ауысқанға дейін ою-өрнекке тән болған.
.