Бақан

 

 

Шаңырақ «бақан» деп аталатын үстіңгі бөлігінде шанышқысы бар ағаш сырықтың көмегімен орнатылды. Ол босану және үйлену рәсімдерінің қатысушысы. Қазақ әйелдері босану кезінде осы тірекке сүйенген. Аспаннан бақанның бойымен Ұмай құдайы босанушы әйелге көмекке келеді деп сенген. Ол үйлену рәсімінде де қолданылған, яғни «бақан салымдық» (әйелдерге жас отаудың түндігін ашқаны үшін сыйлық) ғұрпында. Бақанның киелілігіне байланысты бірқатар тыйымдар да бар: оны көлденең күйде ұстап, үстінен аттап өтуге болмайды (береке болмайды, қуатынан айырылады) және т.б.
 

Н.Ж. Шаханова одан «табалдырық күйлерінің» символикасын көреді, сонымен қатар оны «құнарлылық тасымалдаушысы», еркектің құдіреттің, еркектік қасиеттің, еркектік бастаудың бейнесі ретінде қарастырады [9, 28-29 б.]. Бақан өмір-өлім идеясымен, өткенмен-бүгінмен байланысты, ұрпақтардың бірлігін, құнарлылығын, көбеюін және т.б. бейнелейді (бақанның қазақтың көп руларының бірі – найманның V әрпі түріндегі графикалық нышан-таңбаға айналуын осыдан аңғартса керек).

.