Білезік

 

 

Білезіктерге сиқырлы қасиеттер де берілген. Түркі мәдениетінде олардың символизмі көп қырлы. Мысалы, хакастардың арасында ол болашақ некенің нышаны болып саналды. Қазақтарда кең тараған «бес блезік» жүзіктермен жалғанған үш шынжырлы білезікті қалыңдық үйлену тойында таққан. Хакастар арасында бұл тек тұрмыс құрған әйелге тән атрибут болды. Білезік нышандық тұрғыдан үш туысты біріктірді: өз жұрты (өз туыстары – әке жағынан туыс), нағашы жұрт (шеше жағынан туыс) және қайын жұрты (күйеу жағынан туыс). Бұрау әдісімен жасалған кейбір білезіктерді мамандар ежелгі түріктердің жылан культімен байланыстырады, ол Ана құдайының культімен астасты және құнарлылықпен байланысты болды.
 

Негізінен білезіктер әр қолға біреуден тағылып, жұптастырылды. Қызға білезіктер немесе сақиналар табыстаған кезде «қолың өнерлі болсын!» деген тілек айтылды.

.