Бас сүйек (жылқының)

 

 

Жануарлардың, атап айтқанда, жылқылар мен иттердің бас сүйегі көптеген көшпелі халықтардың кейбір ғұрыптық әрекеттерінің белсенді қатысушылары және қастерлеу нысандары болып табылады. Мысалы, моңғолдарда құрмет белгісі ретінде сүйікті жылқының, жақсы төл берген айғырдың, жүйрік аттың басын обаға қояды. Бас сүйект көз, құлақ саңылауларын құрғақ шөп, тоқаштар, тәттілер, аргал, қиыршық тастармен бітеп, бас сүйекті туған жерлеріне қарай бұрып қояды [17, 61 б.].

 

Қазақтарда жылқының бас сүйегін қастерлеу келесі жағдайларда кездеседі: оны адам мен мал баспасын деп биік жерге (қораның төбесіне, жартастың басына, ағаштың бұтағына) қойған. Сондай-ақ, бас сүйек мазардың төбесіне қойылып, қазыққа тағылып, егінге күзетші ретінде орнатылған. Атақты жылқылардың – бәйге жеңімпаздарының, батырлар мінген аттардың бас сүйектерін киізге тігіп, шиге орап, биік таулардың шыңдарына, бөлек тұрған биіктіктерге қалдырған (аттың басын кебіндеу») [20].

 

Жылқының бас сүйегі қазақ бақсыларының тәжірибесінде де қолданылған. Оның көмегімен санасы бұлыңғыр және басқа да дертке шалдыққан науқастар емделді. Этнографиялық әдебиеттерде науқастарды бас сүйегімен және салттық қуыршақтармен емдеу туралы мәліметтер бар, онда бас сүйегі жылқы, ал қуыршақ қыз ретінде бейнеленген. Бұл дуэт, қазақтардың пікірінше, «ұшатын» шайтандар мен жындардың бас сүйегіне қоныстануына, яғни аурудың бас сүйегіне ауысуына ықпал етті. Мұндай ғұрыптық атрибут Ресей этнографиялық мұражайында (РЭМ) сақтаулы. Қазақтарда бақсының емдік тәжірибесінде иттердің бас сүйегін қуыршақтармен бірге қолданған. Құрғақ иттің бас сүйегі әртүрлі түстермен боялып, содан кейін әр үйден шүберек қуыршақтарды жинады (тақ сан). Арнайы айла-тәсәлдер арқылы аурулар оған «көшірілді».

 

Балқарлар мен қарашайлар туралы этнографиялық материалдар жылқының бас сүйегінің сиқырлы қасиеттеріне деген сенімді көрсетеді. Егер құрғақшылық орын алса, арқанға ілінген аттың бас сүйегін өзенге түсіру керек болды, содан кейін көп ұзамай нөсер жаңбыр басталып, бас сүйекті қайта тартып алғанша тоқтаусыз құйылды [6, 42 б.]. Бұл ғұрып еліктеу сиқырының бір түрі ретінде сипатталады. Халық түсінігінде жылқының әлемдер арасындағы делдал, қамқоршы (үйір немесе жолаушының) идеясы оның бас сүйегінде деген сенім болды, ол сиқырлы рәсімдер мен емдік тәжірибеде көрініс тапты.

.