«Күн нұры» , «Күн көзі»

 

 

Бұл ою-өрнекті нақыш тіршілік көзі, табиғаттағы үздіксіз айналым және шексіз қозғалыспен байланысты Күн белгісінің көрнекі кескіндемелерінің бірі болып табылады. Уәжділігі әртүрлі нұсқаларға ие болуы мүмкін.
 

Жарық ғаламдық мәдениеттің әмбебап құндылықтарына жатады, онтологиялық тұрғыда ол бар нәрсенің түпнегізі, гносеологиялық тұрғыда – таным қағидасы, эстетикалық тұрғыда – сұлулықтың мәні, ал экзистенциалды тұрғыда– руханилық / құдайлық белгісі.
 

Ол «қасиеттілік» (әулие) ұғымымен тығыз байланысты, сонымен қатар исламдағы ақиқаттың атрибуты болып табылады және сопылық дәстүрде ілім / білімді бейнелейді.
 

Нұр / жарық қазақ мәдениетінде бақыт пен береке тілеуде («Нұр жаусын!», «нұр үстіне нұр!», т. б.), адам бейнесінің ерекшеліктеріне қатысты («жүзі нұрлы» – жүзі жарқын, жылы шырайлы, сәуле шашатын, жарқыраған), жеке есімдер құрамында немесе күрделі қазақ есімдерін (әйелдер мен ерлер) қалыптастыруда, адамның ішкі күйін сипаттауға қатысты («бетінен нұры кашты») және т. б. қолданылады. Қазақ мәдениетінде көбінесе киіз және кестелі кілем композициясының негізгі өрісі «күн нұры» өрнегімен безендіріледі, бұл әлемнің дәстүрлі үш бөлімді құрылымындағы орта әлемді ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін. Бәлкім, өрнек ізгі ниетпен, бақытпен, жарықпен және т. б. байланысты болды.
 

«Күн» өрнектерінің иерархиясында «күн көзі» ерекше орын алады, ал ғаламдық мәдениетте ең танымалдарының бірі. Оның ғаламдық мәдениеттегі бастапқы мағынасы Құдайдың көзі (бәрін көретін көз) ұғымынан басталады: Мысыр мифологиясындағы Хордың көзі; Үшбірлікті бейнелейтін үшбұрышпен қоршалған көреген көз және т. б.). Таңба құпия біліммен, даналықпен және рухани пайымдаумен байланысты.
 

Көбінесе бұл белгі зұлым күштерден қорғану үшін, сондай-ақ ауруларды емдеу үшін қолданылған, сондықтан ол көптеген ғұрыптық заттар мен тұмарларға бедерленген.
 

«Күн көзі» өрнегі – қазақ қолданбалы өнерінің кең тараған нақышы. Киім-кешекте, тоқыма бұйымдарында және т. б. көптеп кездеседі. Мән-мағынасы жағынан «күн сәулесі» үлгісіне ұқсас әртүрлі нұсқалары бар.

.