Бесік жыры

 

 

Кез келген халықтың бесік жырының негізгі стратегиясы – баланы тербету, тыныштандыру, әлдилеу және ұйықтату. Демек, оларда өткір дыбыстар жоқ: дыбыстық қатар біртекті, монотонды-әуезді сарындарға негізделген. Әннің ырғағымен бесіктің қозғалыстары да үндеседі.

 
Әдетте, қазақтың бесік жырлары оларды сиқырлы дұғаға, жалбарынуға, тіпті жоқтауларға жақындата түсетін жарты дауыспен орындалады, ал кейбір «кодтық» сөздердің: әлди-әлди (алтай тіліндегі бай-бай сияқты) ырғақты қайталануы әннің медитациялық қызметін күшейтеді. Түркі бесік жырларының мәтінінде тілеулестік формулаларды қолдану сәттері, яғни игі тілектер, нәрестеге бақытты да бай ғұмыр кешуін тілеу кездеседі. Кейбір бесік жырлары үндеу-сұрақ («менің балам қайда екен?» – «асқар-асқар тауда екен») түрінде жасалып, олардың жұмбақ жырлардың ең көне түрінен бастау алуын меңзейді.

 
Бесік жырының ең көне түрлерінде Жоғарғы әлем кейіпкерлеріне (мысалы, Ұмай құдай анаға) үндеулер, сондай-ақ нәрестені киелі жануарлар және құстармен, табиғат нысандарымен салыстыру сарындары кездеседі. Бесік жырлары әдет-ғұрыптар сияқты баланың өмірінің қорғаныштық функциясын атқарды, өйткені ол өтпелі күйдегі болмыс, яғни Орта әлемнің тіршілік иесі ретінде қабылданды.

.