Крест / кірес / айқышпен байланысты әртүрлі нақыштар күн белгілеріне қатысты ғаламдық мәдениеттегі ең көп таралған өрнек болып табылады. Олардың ішіндегі ең танымалы және ең көнесі – крест / свастика, ал сарапшылар бұл фигураның тең жақты нұсқасын тәңіршілдіктің нышаны деп атайды.
Кірес Үндістанның, Грекияның, Шығыс Еуропаның Балтықтан Балқанға дейінгі тарихи жәдігерлерінде кездеседі. Оның нышандық мағыналары кең.
Қазақтың «төртқұлақ» өрнегі крестке негізделген геометриялық фигура болып табылады және ол төрт айқастырмалы, әдетте, өсімдік, геометриялық немесе зооморфтық элементтерден жасалуы мүмкін.
Сірә, қазақ мәдениетінде бұл ою-өрнек әлемнің төрт бағытын, сондай-ақ ғаламның төрт элементі мен табиғаттың төрт дүлей күшін, яғни жер, ауа, от, суды бейнелейді. Көбінесе бұл өрнек кілемнің орталық өрісін толтыру үшін, архитектуралық құрылымдар мен зергерлік бұйымдарды безендіру үшін қолданылады. Қосмүйіз өрнектерінен жасалған крест түріндегі түкті кілемдердің орталық өрісіндегі негізгі нақыш ретінде «Төртқұлақ» тұрақтылық пен мызғымастық нышаны, жер бетіндегі тіршілік байлығы болып табылады. Сәулет өнерінде (мысалы, Х.А. Ясауи кесенесі) және зергерлік өнерде, бәлкім, ол ғаламның барлық төрт элементінің одағын білдірген.
Бірақ, сонымен қатар, әртүрлі нұсқалары бар: сағат тіліне қарсы айналатын свастика – о дүниенің белгісі. Тиісінше, сағат тілімен айналатын свастика тірілер әлемінің белгісі болып табылады.