Перезе/көгілдір ақық

 

 

 

Өнертанушылар күмістегі көгілдір ақықты көне көшпенділердің мифопоэтикалық дүниетанымындағы маңыздылығын көрсете отырып, қазақ зергерлік өнерінің квинтэссенциясы деп ақындық тұрғыда атайды. Көгілдір ақық немесе перезенің түсі, әдетте көкшіл, оған Көктің тасы немесе Аспан өкілі мәртебесін береді. Алтынмен апталған көгілдір ақықпен көмкерілген танымал қазақстандық археологиялық олжалар б. з. д. ІІІ ғ. – б. з. ІІ ғ. жататын Қарғалы көмбесінің (диадема және басқа да алтын бұйымдар) қазынасын көрсетеді.

 
Қазақтардың зергерлік өнерінде тастармен көмкеру әрқашан қалаулы болған және олар сиқырлы және қорғаныс күшімен дараланып, «көз» деп аталды. «Перезе» сөзі парсы тілінен аударғанда «жеңген, гүлденген, бақыт әкелетін» деген мағынаны білдіретін «фирюза» (piryzen) сөзінен шыққан «жеңімпаз, берекелі, бақыт әкелетін» дегенді білдіреді (қазақша транскрипцияда бұл тас «перезе» деп аталған). Бұл оның дәстүрлі зергерлік өнерде кеңінен қолданылуын түсіндіреді.

 
Перезе Орталық Азияның көптеген халықтары арасында медициналық тәжірибеде белсенді түрде қолданылды.

.