Ала

 

 

Қазақ мәдениетіндегі түр-түс семиотикасы бірқатар мағыналылығымен ерекшеленетін «ала» (түрлі-түсті, алуан түсті) ұғымын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл культуроним түркі мәдениетіндегі ең қызықтыларының бірі болып табылады. Қазақтардағы ала түс орталық дүниені, барлық реңкті өмірдің: жақсылық пен жамандықты, бірлік пен келіспеушілікті және т. б. білдіреді. Кейбір сарапшылар түркі (қазақ) мәдениетінде терең семантикалық-нышандық мәнге ие «ала» ұғымы көне тотемді, белгілі бір ала жылқы құдаймен және т. б. байланысты деп санайды.
 

«Ала» ұғымының мәні салт-дәстүр мәдениеті аясында барынша толық ашылады. Біріншіден, бұл «тусау кесу» рәсімі, мұндағы басты атрибут «ала жіп». Бұл ақ, жасыл және қызыл (кейде қара-ақ) түрлі-түсті бірнеше жүн жіптерінен есілген ала жіп. Қазақтарда «біреудің ала жібін аттама!», яғни «жаман істерге барма» дегенді білдіретін нақыл сөз кең таралған. 
 

Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығында «көк ала ту», «ала ту» немесе «ала-шұбар ту» деп аталатын түрлі-түсті ту туралы жиі айтылады. Бәлкім, мұндай түрлі-түсті тулар қазақтардың мифтік тұңғыш ата-бабасы – Алаша ханмен байланысты болса керек. Бұл түс өмірдің алуан түсті көрінісі және әлемнің көркем бейнесінің бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін көрсету мәнімен сипатталатын дәстүрлі қазақ кілемі алаша атауына да себеп болған. «Аланың» тағы бір көркем көрінісі – Орталық Азия аймағында «ала гүлі немесе ала бұло» деп аталатын түрлі-түсті кездейсоқ дақтары бар қыш ыдыстар. Мұндай ыдыс-аяқ «көзді» қабылдамайды, яғни көз тимейді деп есептелді.
 

«Ала» ұғымы дәстүрлі топонимдерде де көрініс тапты: Алатау, Алакөл және т. б.

.