Сәукеле

 

 

Бұл бас киім ең архаикалық нұсқаларға жатады, ал оның Қазақстан аумағында болғанының ең ерте археологиялық дәлелдерін әйгілі Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» көрсетеді. Ол ұзатылып бара жатқан бойжеткеннің салттық тұрмысқа шығу костюмінің ажырамас атрибуты болған, оны әкесі сыйға тартқан және ол қалыңдық жасауының маңызды бөлігін құраған. Осылайша, сәукеле өтпелі күйді – әйел, болашақ ана деген өмір белестерін айшықтаған.
 

Ғалымдардың қайта қалпына келтіруіне сәйкес, желке тұсына қалқанша тігілген сәукеленің конус тәрізді формасы (ол да әсем безендірілген) үш, яғни Жоғарғы, Орта және Төменгі әлемді біріктіретін Әлем тауының, Ғаламның моделін бейнелейді. Сәукеле декорының барлық жағдайда ерекше және қайталанбас бүкіл композициясы тұрақты белгілермен үйлесіп, белгілі бір семиосфераны білдірген.
 

Көбінесе «қасиетті өмір ағашы», «қошқар мүйіз» және т. б. ою-өрнек нақыштары кездеседі. Сондай-ақ, бас киімге күміс немесе алтын жалатылған салпыншақтар мен әртүрлі түрдегі және пішіндегі жапсырмалар тігілген: қазақтардың пікірінше, күміс қорғаныс күшіне ие, ал маржан, інжу, ақық және т. б. тастар сияқты сәндік композицияның мұндай «қатысушылары» иесін дуалаудан, тіл-көзден, сүйел-бөртпеден және т. б. қорғаған.
 

Әлемнің түрлі мұражайларында сақталған көне қазақ сәукелелері жыл бойы мықты шеберлер жасаған бірегей өнер туындылары болып саналады. Бойжеткен бас киімін үйлену рәсімінен бастап тұңғышы дүниеге келгенше киюуі мүмкін, содан кейін ол ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, мұра ретінде сақталып келген.

.