ДАЛА

 

 

Дала – степь (иситеп – көне түркі тілінен алынған «іс істеп» – іс жүргізу, игеру) – Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін сипаттайтын халықаралық архаизм [10]. Қазақтардың түсінігінде дала – киелі жер, ол Жер Ана, Атамекен, Сарыарқа, Кең дала, Ұлы дала, т.б. бейнелі сөздер арқылы көрініс табады. Ауызша-поэтикалық дәстүр далаға байланысты әртүрлі коннотацияларды сақтайды: шексіз кеңістік, еркіндік рухы, жанның кеңдігі, арғымақтар және т. б. Орасан зор дала кеңістіктері байлық пен еркіндікпен байланысты; кең дала (шексіз дала) – «көшпелі қазақтың шексіздікпен байланысты түпкі нышаны» [3]. Ежелден түркілер Жерді анаға, Көкті әкеге балады, бұл екі құдайлық Бастаулардың ғарыштық некесі туралы түсінік мифопоэтикалық идеяларда сақталған.
 

Бір уыс туған жердің топырағы әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында елеулі рөл атқарған. Олар жермен ант берді, оны әртүрлі сиқырлы әрекеттерде қолданды, ұзақ уақытқа сапарға аттанғанда немесе туған жерін тастап кетерде оны өздерімен бірге алып кетті және т.б. Ежелгі түркілер Жердің күшті тазартқыш және қорғаушы күші бар деп есептеген. Көшпенділер арасында Жер-ананы қастерлеу жерді жараламау үшін, жерге зиян келтірмеу үшін ұшы ылғи жоғары қарап тұратын аяқ киімінің үлгісінен де аңғарылады.

.