Қорғасын

 

 

Қорғасын ерте заманнан адамзаттың мәдени генезисін сүйемелдеп келген, ал авесталық, ведалық және басқа да көне мәдени дәстүрлер бойынша қорғасын басқа алты металмен – алтын, күміс, темір, қола / мыс, қалайы және сынаппен бірге металдық «алхимиялық жетілікті» құраған. Шамасы, қорғасын алтын-күміс-мыс-темір дәуіріне дейінгі өзіндік «сарқыншақ» ретінде натурфилософия мен мифопоэтикада қараңғы, тылсым, бірақ сонымен бірге, даусыз сиқырлы күшті нәрсенің аурасымен бекітілген.

Бұл металл Батыс және Оңтүстік Сібір халықтары арасында табынушылық атрибутиканы жасауда кеңінен қолданылды.

Ертеде Обь угрлары, хантылар мен мансилер қорғасыннан стильдендірілген пұт тәрізді ер тұлғасы, бұғы, бұлан, қасқыр және т. б. түріндегі жебеуші рухтардың мүсіншелерін құйған. Ата-баба культінің материалды проекциясы немесе қорғаушы сөзі «қорғасынның» өзінде бар, оның барлық түркі тілдеріне ортақ бір мағынасы бар – «қорғаушы»: қазақтарда – «қорғасын», қырғыздарда – «қоргошун», башқұрттарда – «ҡурғаш», түріктерде – «kurşun», өзбектерде – «қўрғошин» және т. б.

Түркі мәдениетінде қорғасынның негізгі қызметі – адамдардың жанын қорғау, бақсы аурудың рухын «көшіріп» алатын алмастырушы, қосшы болу. Қазақ бақсылары әлі күнге дейін науқастың төбесінен сұйық күйге дейін қыздырылған металды су құйылған ыдысқа құю арқылы қорғасын құйып, емдейді. Осындай айла-шарғы жасау нәтижесінде әртүрлі фигуралар пайда болады, оларға сәйкес науқастың дерті анықталады, бұл адамды иемденген зұлым рухтың қорғасынға «көшіру» идеясына негізделген.

.