Түймелер

 

 

Барлық мәдениеттердегі түймелердің бірқатар функциялары болды, оларды В.Д. Нарожная былайша анықтайды: утилитарлық (ілгек тәрізді түйме), сәндік-эстетикалық (ою-өрнек ретіндегі түйме), сиқырлы (бойтұмар ретіндегі түйме), семиотикалық немесе ақпараттық (танымдық белгі ретіндегі түйме) [ 7].
 

Әрине, мәдениет тасымалдаушысы үшін бұл функциялар біртұтас болды. Қазақ түймелерінің кейбір үлгілерінде (және тіпті көлемді сақиналарда) іші қуыс бос болды, онда шебер әдетте қозғалған кезде сылдырлайтын металл түйіршігін немесе кішкентай моншақтарды орналастырды. Ежелгі көшпенділердің түсінігі бойынша мұндай сыңғыр/дыбыс – аспан мен жер шарын байланыстырушы дәнекер (шолпының сыңғыры сияқты). Бұл да тұмардың бір түрі болды.
 

Қазақ мәдениетінде түймелерді түйме деп атаса, қазақтар жыланды да солай атайды. А.Т. Оңалбаеваның және т. б. пікірінше, жыланның аталуына тыйым салынғандықтан, «түйме деген бүркеме ат алған. Сөйтіп, жылан мен түйме формальды түрде синонимге айналды» [10, 169 б.].
 

Түркі мәдениетінде болған түйме – әдемі сәнді түйреуіштің тағы бір түрі – «тана» бұйымы. Көбінесе «тана» – шағын диаметрлі (1,5 – 3 см) шеңбер түріндегі айылбас.
 

Алтай халықтарында үйлену тойы күні шашқа тағылатын зергерлік бұйымдарға байланатын, сүйектен, мүйізден, інжу-маржаннан немесе фаянстан жасалған, ортасында тесігі бар ұқсас атаумен дөңгелек зергерлік бұйымдар бар, кейінірек оны жас әйелдер жай өрілген шаштарына тағып жүретін. Қазақтарда «тана тағу» дәстүрі болған: олар киімге, бас киімге, шашты өруге арналған таспаларға және т.б. тігілген.
 

Қазақтар ортасына тас орнатылған айылбасты «көз тана», алтынмен апталғанды – «алтын тана», жалған түйіршіктеумен безендірілгенді – «сіркелі тана» деп атайды. Зергерлік бұйымдардың атауының өзі «мөлдіреген үлкен көз» деген мағынаға байланысты. Осы уақытқа дейін халық арасында «көзі танадай екен» деген сөз бар.

.