«Тұмарша» (әдетте үшбұрышты пішінде)

 

 

«Тұмарша» – зұлым күштерден және тіл-көзден қорғау сиқырымен байланысты танымал нақыштардың бірі. Қазақ жерінде оның бойтұмар ретінде қолданылғанының алғашқы дәлелі Андронов мәдениетінен қалған қыш ыдыстарда кездеседі. Ол өз атауын түркі мәдениетіндегі зұлымдық пен дүлей рухтардің күшті қорғаушысы «тұмар» (көбінесе үшбұрышты пішінді) ұғымынан алды. Өзінің табиғи түрінде және функциясында ол әлі де қолданылады. 
 

Жоғарыға бағытталған үшбұрыш рухтың материядан көтерілуін (ғаламдық тау – үш әлемнің тоғысы), ал төменге бағытталған үшбұрыш рухтың материяға түсуін білдіреді деп саналады. Кейде шыңы жоғары орналасқан үшбұрыш еркектік бастауды, ал шыңы төмен қарағаны әйелдік бастауды білдіреді.
 

Үшбұрыш құдайлық белгісі, жоғары ұмтылудың бейнесі және өмірдің нышаны болып саналады. Мағынасы жағынан бұл үш әлемді, яғни көктегі, жердегі және жер асты әлемдерін біріктіретін Ғалам тауына жақын. Ғаламдық мәдениетте танымал: үш тоғысқан үшбұрыш – көне скандинавиялық құдай Одиннің нышаны, әйгілі Давид жұлдызы екі теңбүйірлі үшбұрыштың көмегімен жасалған және т. б.
 

Өрнек өзінің қарапайымдылығы мен ықшамдығының арқасында қазақтардың қолданбалы өнерінің барлық дерлік түрлерінде қолданылады.

.