Төр

 

 

Киіз үйдің есігіне қарама-қарсы ең құрметті орын – ерекше түрде бүктелген төсек-орын, жүк жиынтығымен белгіленген төр. Н.Ж. Шаханованың пікірінше, заттарды (төсек – орындарды) бүктеудің бұл тәсілі «құнарлылық (көпбалалылық) – байлық-бақыт» идеялар тізбегін бейнелейді [9, 32 б.]. Бұл идея түкті кілемдер мен киіз кілемдердің декорларымен, көрпелердің барлық дерлік түрлері –құрақ көрпенің сәнімен және бұл құрылымды безендірген жастықпен расталады. Керегеге, құрметті орыннан сәл жоғары қару-жарақ, қамшы, домбыра және шанаш тәсілімен сыпырылып алынған жыртқыш аңдардың терілері (қасқыр, түлкі, т.б.) ілінді. Бұл заттардың әрқайсысы тұмар қызметін атқарды.

 
 

Төрге әрдайым құрметті қонақтар отырғызылды, өйткені қазақ мәдениетінде қонақ – Жоғары күштердің елшісі саналған, сондықтан оны жақсы қарсы алу, тамақтандыру және құрмет көрсету керек.

.