Мата/шүберек

 

 

Көшпенділер мәдениетінде мата өте қымбат материал болып табылады, сондықтан оның әрбір қиықтары мен құрақтары әрқашан қайта пайдаланылған. Ол үйлену тойы, жерлеу және еске алу рәсімдерінің, сондай-ақ қонақжайлылық дәстүрлерінің «қатысушы» болып табылады. Қазақтың «құрақ» сөзі «құру» сөзінен шыққан екі мағынаны білдіреді. Бірі – «құру», «өлу», «жоғалу»,  «жойылу», екіншісі – «жасау», «құрастыру», «құру», «біріктіру». Мұнда бір-бірін жоққа шығаратын екі семантикалық мағына көрінеді: «жойылудан жаратылуға дейін», бұл құрақ заттардың семантикалық мазмұнына тән: өлімнен туылғанға дейін, хаостан үйлесімділікке дейін, жерлеуден үйлену тойына дейін және т. б., оны біз әлемнің қосарлануының нышандық көрінісі ретінде түсінеміз.

«Құрақ көрпе» (немесе оның бірнеше бірлігі) дәстүрлі кезеңде көп жылдар бойы арнайы сандықтарда жиналған және ұрпақтан-ұрпаққа, үлкен әйелден кішіге өткен ғұрыптық жыртыстан жасалған қазақ қалыңдығы жасауының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Құрақ көрпені қарама-қайшылықтардың одағы және Жұлдызды аспанның проекциясы, өмірдің проекциясы деп атауға болады.

.