Інжу-маржан, Тана/седеп

 

 

Інжу-маржан – әлемдегі ең танымал тастардың бірі. Ежелгі Қытайда ол даостық және буддалық мәдени дәстүрлер аясында түсіндірілді, ал соңғысында Будда мен оның ілімдерін білдіретін нышандық асыл тас (санскр. мани) бейнесімен байланысты болды. Кейінірек қытайлықтар інжу-маржанды әйелдік инь нышаны ретінде қарастыра бастады.

 

Інжу қазақтардың дәстүрлі өнерінде маржан немесе ақық сияқты кең танымал болған жоқ. Бірақ ол айтарлықтай маңызды символизмге ие болды, бәлкім, Айға ұқсас түсі үшін халықтық дүниетанымдағы қасиетті түпнегізбен байланысты. Інжу зергерлік бұйымдар мен киімдерді безендіруде қолданылған. Археологиялық олжалар еліміздің оңтүстік өңіріне тән сұрақ белгісі түріндегі сырға тәрізді алтын бұйымдар жасауда інжу-маржанды пайдаланғанын айғақтайды.

 

Қазақтар бұл тасты інжу-маржан, татарлар мәрҗән, башқұрттар мәрйен, ал чуваштар мерчен деп атайды. Бәлкім, қазақша «інжу-маржан» сөзі көне түркілік jenčü ~ jünčü және арабтың merǯân сөздерінің қосындысы болса керек. 

 

Қазақ мәдениетінде інжу-маржанға жақын болған символизмді қазақтар тана деп атаған. Тана – металдан немесе інжу-маржаннан жасалған шағын диск, сиырдың мәнерлі көзіне ұқсайды. Қазақтарда әлі күнге дейін «көзі танадай екен» (әдемі үлкен көздер) деген сөз бар.

 

Інжу мен тана халық мәдениетінде бақыт пен байлықты білдіреді. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының ерекше әдет-ғұрпы – тана тағу (тана кию) болған. Оның мәні біреуге інжу-маржан (тана) сыйлауда жатыр, әдетте мұндай сыйлықты егде жастағы әйел жасайды. Сыйлық беру әрекетінің мәні жақындарын, әсіресе кішкентай балаларды тіл- көзден қорғау болды. Баланың ата-анасы жауап ретінде кішігірім мереке ұйымдастырып немесе сыйлық берушіге ет тағамдарын ұсынатын.

 

Тананың өзі бас киімдерге, киім-кешектерге, аяқ киімдерге тігілген, сондай-ақ шашбау жасауда олардың тұтынушыларына сәттілік, даналық және денсаулық сыйлайды деген сеніммен пайдаланылған.

.