Қымызмұрындық

 

 

Қымызмұрындық – астарлы мағынада барлық көшпенділер үшін қасиетті сусын – алғашқы қымыз мерекесі. «Қымыз ежелден дәстүрлі мәдениетте ақ шапағатты, аспанға бағыштауды, төрт түлікті, тауды, жауынгерлік туды бейнелейтін қансыз құрбандық ретінде қарастырылған», – дейді ғалымдар З.Қ. Сұрағанова мен Қ.Қ. Сәрсембина.
 
Оны бүкіл Еуразияда әртүрлі атаулармен атап өтеді: буряттар оны «цэгээны зугаа», башқұрттар «мыстар», Моңғолия қазақтары «бие байлар» деп атайды. Бірақ барлық жерде көктем-жаз маусымының басталуы және көшпенділер өміріндегі нышандық құнарлы кезең онымен байланысты. «Қымызмұрындық» рәсімінің атауының өзі қазақ тілінен аударғанда «мұрынды қымызға батыру» дегенді білдіреді. Ақ қымыздың семантикасы өтіп жатқан мерекенің қасиеттілігін айшықтауды көздейді.

.