Сәндік-қолданбалы өнер шебері. Қолөнерші құрақ құраумен, киіз басумен айналысады. Қолөнерге өз оқушыларын үйретеді, шеберлік сабақтарын, тренингтер өткізеді. Шығыс Қазақстан музей-қорығының облыстық көрмелеріне, республикалық және халықаралық жәрмеңкелерге қатысады. Облыстық қолөнер іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.