Ақ киіз

 

 

Қазақ мәдениетінің киелі кеңістігінің заттық әлемінде ақ киіздің алатын орны зор. Әдетте, ол түркі қоғамының жоғарғы табымен нышандық түрде байланысты. Көшпенділердің жалпы құрылтайларында ақсүйек өкілдері тек ақ киіз төсеніштерге отырды. «Ақ киіздің» ерекше маңызы хан сайлау ғұрпынан көрінеді. Бұл ғұрыпты сипаттауда мынадай әрекеттерді байқауға болады: төрт ақсақал үміткерді шеттері алтындатылған жұқа ақ киіз төсенішке отырғызып, басынан жоғары көтеріп, сосын түсіреді. Оның киімдерін шешіп, жыртып, жиналғандарға таратады. Киіз де солай таратылады. Содан кейін жаңадан сайланған хан өз мәртебесіне сай арнайы дайындалған жаңа киім киеді. Бұл процесте семиолог А.А. Ғалиев бірнеше нышандық мағынаны көреді. Біріншіден, ақ киіз ханның ниетінің тазалығын білдіреді; екіншіден, ақ киіз төсеніштің төртбұрышты пішіні дүниенің көлденең проекциясын бейнелейді, төрт ақсақалдың бейнесін қазақ әлеміне тірек болған төрт діңгектің (ақсақал даналық пен білімнің тасымалдаушысы ретінде) бейнесі деуге болады; киіз төсеніштің алтын жалатылған шеттері хан билігінің нышаны (алтын сақ дәуірінен бері патша тұлғаларының атрибуты).

Жүннен жасалған киіз, берекені білдірді, ханның киімі де сайлауға қатысушылар үшін жағымды заттар болды. Мұнда әркім «pars pro toto» қағидасы бойынша киімді немесе киізді иемденуге тырысқан, себебі, тіпті қиынды да да өз иесіне бақыт әкелуі мүмкін [5, 84 б.].

.