Төрт

 

 

Әлемдік мәдениеттегі «төрт» саны ғаламның тұрақтылығы мен мызғымастығының нышаны ретінде әрекет етеді, ол келесі анықтамаларда көрсетіледі: төрт негізгі бағыт, жылдың төрт мезгілі, тәуліктің төрт бөліктік құрылымы, өмір шеңбері және т.б.  Төрт – үйлесімділік, симметрия мен тәртіптің бейнесі, сонымен қатар ғаламның көлденең моделі, оны графикалық түрде крест арқылы көрсетуге болады (Тәңірлік крест-свастика, христиан конфессияларының кресті және т.б.). Бұл сан қазақ мәдениетіндегі тұрақты тұтастықты білдіреді, ол «төрт түлік – мал» ұғымында көрініс табады. Бұл өрнек қазақ көшпенділерінің тіршілігінің негізі – үй жануарларының киелі төрттік құрылымын құрайтын түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі – төрт түліктің бірлігін білдіреді. Сондай-ақ, төрт түлік малдың пірлері: Қамбар ата – жылқы, Зеңгі баба – сиыр, Ойсыл қара – түйе, Шопан ата – қой, Сексек ата – ешкінің қамқоршы руқтары туралы түсінік болды. Қолданбалы өнерде төртбұрыш (шаршы) жердің нышаны ретінде түкті кілем, текемет, сырмақ оюларында кездеседі. Қазақтың «шаршы ою-өрнегінің түпнұсқалық атауы парсы тіліндегі «чahar» (төрт) және «су» (жақ, бөлік) сөздерінен қалыптасқан.
 

Төрт – екілік қарама-қайшылықтар алға (шығыс) – артқа (батыс) және оңға (оңтүстік) – солға (солтүстік) болатын әлемнің көлденең моделінің сандық проекциясы.

.