Кебеже/асадал

 

 

Сандықтың (қораптың) бір түрі – кебеже (азық-түлік тамақ сақтауға арналған), ол молшылық пен берекені білдіретін ою-өрнектермен, яғни құйынды гүлөрнекпен, шимаймен, мүйізді бұйралармен және т.б. бай безендірілген.
 

Қазақта «Ар бір үйде бір кебеже қалайда болу керек» деген сөз бар [7, 267 б.]. Кебеженің берекенің көзі ретіндегі жанама мағынасы қазақтың көне аңызында берілген, ол ауылдағы барлық қарияларды өлтіруді бұйырған зұлым хан туралы айтылады. Нәтижесінде қариялардың бәрі өлтіріледі. Бірақ, жігіттердің бірі әкесін кебежеге жасырып, қиыншылыққа толы көшпенділік жолында ақсақал баласына айтқан ақыл-кеңесімен бірнеше рет адамдарды аман алып қалады.
 

Мұндай жиһаздың тағы бір түрі «асадал» (мағынасы – адал ас) деп аталады. Бұл заттар Орталық және Шығыс Қазақстанда кең таралған. Олар қосауыз есікті, үстіңгі бөлігінде тартпасы бар, ал төменгі бөлігінде сөрелер орналастырылған [7, 268 б.]. Жиһаздың шынайы атауы ыдыс-аяқтың тазалығына ерекше назар аударылғанын және сұрап алынған ыдыстарды тәттілермен толтырып қайтару дәстүрі болғанын көрсетеді. Түнде ыдыс-аяқ пен тамақ әрқашан асадалға қойылды, халық наным-сенімі бойынша, ашық қалдырылған тамаққа зұлым күштер келеді.

.