Кереге/қанат

 

 

Жеке торлардан тұратын киіз үйдің негізгі қаңқасы – қанатты қазақтар «кереге» деп атайды. Функционалдық жағынан бөлек бөліктер (қанат) бір құрылым – кереге – киіз үйдің қаңқасына жалғанады. Семиотикада үйдің қабырғалары шекара, сыртқы әлемнен, хаостан қоршау, яғни қорғау. Киіз үйде кіреберіс (есік) және шаңырақ (түтіннің шығуы) сыртқы әлеммен байланысты реттесе, ал кереге нышандық түрде «оқшауланған»  кіріс-шығыс ретінде пайда болады. Бұл ғұрыптық тәжірибеде, мысалы, жерлеу рәсімінде көрінеді: бір үйде (киіз үйде) жиі қайтыс болған жағдайда, марқұмды керегенің бір бөлігін алып тастайтын.
 

Қазақ мәдениетіндегі керегенің нышандық мәні үйлену рәсімдерінің «шаңырағың биік болсын, керегелерінің кең болсын!» деген ізгі тілектерінде кездеседі. Кең сөзінің қолданысы кең, көп адам, қонақ сыйатын, бақыт, береке т.б.
 

Қанат (тордың жеке бөлігі) ортақ керегенің құрамында топтық, бірлік (отбасы, туысқан деген мағынада), тірек, ал кереге – мызғымас, берік іргетас мағынасын білдіреді.

.