ОТ

 


Оттың символикасы көп қырлы. Ал оны қастерлеу дүние жүзіндегі көптеген халықтар арасында кең тараған, оның жаңғырығы көптеген түркі халықтарында әлі күнге дейін сақталған. Қазақтар отты отбасы – ошақ қасының қамқоршысы деп санаған, оған табиғаттан тыс қасиеттер мен сиқырлы күштер жатқызылды, өйткені ол Күн құдайының жердегі проекциясы болды.
 

Қазақтар арасында отпен байланысты ең танымал салт – аластау, яғни отпен тазарту. Осы уақытқа дейін қалыңдықтың күйеу үйіндегі ошақтың рухын көтеру мақсатында «отқа май құю» дәстүрі сақталып келеді. Ошақ – Аспандағы Күн сияқты Үйдің – Ғаламның дәл ортасында орналасқан қасиетті орын. Қазақтың наным-сенімінде ошақ әрдайым жанып тұруы керек, ал ол сөнсе қайғы, жоқшылық, ақырет, өліммен байланысты болған. Сондай-ақ оны: көмір, күл және т.б. басқаларға беруге тыйым салынды. Ертеде түркілер от үстінде берілген антты бұзылмас деп есептеген немесе осы уәде-сөздің мызғымастығының кепіліне анттың куәгері ретінде жалын шақырылған.

.