ШЫНАР

 

 

Шынар немесе «шығыс шынары» Орталық Азия халықтары – тәжіктер, өзбектер, қырғыздар және қазақтар арасында ең құрметті ағаш.
 
Тәжіктер арасында бұл ағашты құрметтеу дәстүрі сәрсенбі күндері орын алып, «мүшкилкушо» (Әділ, «қиындықтың түйінін шешуші») деп аталды. Бұл ғұрып неке одағының нығаюы, отбасының тұрақты материалдық әл-ауқатқа ие болуы, науқастардың сауығуы, қиыншылықтардан арылу және «қара жолақты» жою, балалардың туылуы (әсіресе, тек қыз балалар туылатын отбасында ұлдардың дүниеге келуін) және т.б. байланысты. «Рәсім ағаштың айналасында сағат тіліне қарсы үш рет ғұрыптық айналып өтуден тұрады. Тәжіктерде бұл салттық тәжірибе тавоф (арабша таваф) деп аталады [7, 133 б.].
 
 
 
Өзбектер әлі күнге дейін шынардың астында ұйықтауға болмайды, оны кесіп, от жағу үшін пайдалануға болмайды деп санайды. Қазақтар бұл ағаштың тірі, пайдалы, өмір беретін әлеуеті бар деп есептейді. «Шынар» сөзі астарлы мағынасында тірек, қорғаныс, пана деген мағынада қолданылады.

.