Көк (көгілдір)/ Жасыл

 

 

«Көк» қазақ мәдениетінде көк/көгілдір және жасыл (ашық жасыл) мағыналарында да қолданылатын маңызды нышандық ұғымдардың бірі. Ең алдымен, көк/көгілдір – мәңгілік аспан, мәңгілік өмір, бейбітшілік, тыныш жан. Түркі-моңғол халықтарының арасында ең жоғарғы құдай Көк Тәңір болған Аспан мен Көк синонимдік қатарға тұрғызылған. Көк/көгілдір қасқырларды белгілеуде де бар: көксерек – аталық, көкжал – арлан.
 

Қабір үстіндегі құлпытас құрылымының дәстүрлі қазақша атауы «көк тас», бұл оны Аспанмен, яғни Әруақтардың мекені Мәңгілік аспанмен байланыстырады. Сондай-ақ, көк/ көгілдір судың нышаны (қайта жаңғыру снышаны).
 

Жалпы, «көк» терминімен қазақтар «көктен келгеннің» бәрін белгілейтін. Өйткені, жасыл түс дәстүрлі түрде табиғаттың оянуымен, жаңа өмірдің дүниеге келуімен байланысты. Демек, «көкмайса», «көк шөп» және т. б. ұғымы өмірмен, жаңарумен, көктеммен байланысты: «көктеу» – көктемгі жайлау, «көктем» «көсегесі көгеру» – бақытты болу/ берекелі болу және т. б.
 

Түс комбинацияларына келетін болсақ, көк / көгілдір және сары түстердің үйлесімі нышандық болып табылады, ол Аспан мен Жердің, яғни Тәңір мен Ұмайдың одағы ретінде түсіндіріледі. Түркілер мен моңғолдар оларды бір-біріне қарама-қарсы жатыр және өзара некелерінен жердегі барлық нәрсе дүниеге келген деп сенген.
 

«Көк» сөзі теріс мағынада, яғни қасиетті асыра сілтеуде де қолданылуы мүмкін: «көк жалқау», «көк мылжың» және т. б.
 

Сондай-ақ түркілердің сөздік қорында қазақша «жасыл» болып өзгерген «йашыл» ұғымы бар. Ол өсудің, ұлғаюдың, өсірудің, өркендеудің нышаны, ал түркі мәдениетінде исламдағы жұмақ бағының, жастық пен молшылықтың нышаны болып табылады. Көгілдір және жасыл түстер көбінесе кесте тігуде, киім безендіруде және тоқылған бұйымдарда қолданылады. Жалпы, қазақтар жастардың киімінде басым болатын жасыл және қызыл түстерді жастықпен байланыстырады.
 

Көк/көгілдір әлем мәдениетінде маңызды рөл атқарады: Еуропада бұл адалдық пен құпиялылықтың түсі болып табылады, ал французша «un sang-bleu» (көгілдір қан) сөз тіркесі ақсүйектерге қатысты қолданылады. Көне заманда поляктар болашақ қалыңдықтың үйін көк түске бояу дәстүрін қолданды; көк – Сахараның кейбір тұрғындары туарегтердің киімінде көрінетін қасиетті түс; қытай өнерінде көк бет рухтар мен аруақтарға және т. б. тиесілі.

.