Жүз

 

 

Қазақ мәдениетінде «жүз» саны да маңызды. Жақындық пен туыстықтың мән-мағынасы «Күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» деген сөз өрнегінде көрінеді. Белгілі этнограф Ш.Ж. Тоқтабаеваның пікірінше, оның мән-мағынасы жүз жыл өмір сүретін туыстар мен күйеу бала арасындағы қарым-қатынастың уақыт кезеңдерін көрсетеді, ал аралас-құралас болған отбасылар мен олардың ұрпақтары жиырмасыншы ұрпаққа дейін қатынаса алады, бұл мың жылға пара-пар [9, 14 б.].

 
 

Бұл санның маңыздылығын қазақтардың үш «жүзден», яғни Ұлы, Орта және Кіші жүзден тұратын дәстүрлі құрамы да дәлелдейді. «Жүз» сөзінің семантикасы олардың бір әулеттің аға-інісі: үлкен, орта, кіші мәртебесін анықтауына қарамастан, олардың теңдігін көрсетеді.

.